2021 жылдың 15 маусым күні «Түркістан облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Д.Кирбасов және Халықаралық медиация орталығының Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің директоры Л.Ақшигирова бірлесіп Түркістан облыстық әкімдігімен болған меморандум шеңберінде Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу елді мекенің әкімдігінде ашық есік күнін өткізді. Жиналысқа әртүрлі заң сұрақтары бойынша 30-ға жуық адам қатысты.
Іс-шара барысында еңбек дауларының мәні жарақат алғаны үшін берешекті өндіріп алу туралы, қызметкерге денсаулығына келтірілген зиянды өтеу есебінен ай сайынғы төлемдер жүргізуге міндеттеу туралы, бұйрықтарды заңсыз деп тану туралы, жалақыны, тұрақсыздық айыбын, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны, моральдық зиянды өтеу туралы, еңбек шартын тоқтату және жұмысқа қайта алу туралы бұйрықтың күшін жою туралы және күнделікті тұрмыс тіршілікте кездесетін даулар (алимент өндіру) сияқты сұрақтар қойылып, сұрақтарына мардымды жауап алып тарасты. Ақсу ауылының әкімі Әбдіманат Бурбеков осындай іс-шаралардың жиі өткізуін сұрап, сәттілік тіледі.