Аймақтық үшжақты комиссия отырысы өтті

16 маусым күні Маңғыстау облысының кәсіподақтар үйі ғимаратында «Маңғыстау облысы кәсіподақтар орталығы»АКБ төрағасы Ш. Ермекбайұлының төрағалығымен аймақтық үш жақты комиссия отырысы өтті.
Отырысқа мемлекеттік орган өкілдері, кәсіподақ ұйымдарының және өңірлік үш жақты комиссия мүшелері мен облыстың кәсіпорын басшыларының өкілдері қатысты. Комиссия отырысының күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С. Дәулеталинның маусымның 14 күні өткізген жиналысының нәтижесінде берілген хаттамалық тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік-еңбек дауларының және оларды шешу бойынша қабылданатын шаралар туралы (еңбек тәуекел картасы, жалақы бойынша берешек, жұмыскерлердің босатылуы). Еңбек даулары бар тәуекел картасындағы кәсіпорындардың мәселелері көтерілді. Олардың ішінде: «Тоталь С энд П», «Маңғыстаумұнайгаз АҚ», және де Oil Construction Company” ЖШС, “УТТ және ОС ” ЖШС, “МұнайФилдСервис”ЖШС, «МРЭК»,”Мтехсервис”ЖШС, “Ойл Сервис Компани” ЖШС» проблемалық мәселелері бойынша шаралар қабылдау.
Төраға Ш. Ермекбайұлы Тәуекел картасындағы әрбір кәсіпорын бойынша шешілмеген және проблемалық мәселелерді шешу үшін шаралар жасақтауды тапсырды.
Медиацияның көкжиегін кеңейту мақсатында үш жақты комиссияға Республикалық қоғамдық бірлестік «Халықаралық медиация орталығы» Маңғыстау облысы бойынша өкілдік директоры Муса Нұржанов шақырылды. Комиссия барысында директор тараптарды тыңдап, мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын түсіндірді. Өңіріміздегі медиацияны дамыту жыл басынан бері жоспарланған. Алдағы уақытта медиация кабинетінің жұмысын жүргізіп, дауды сотқа жеткізбей шешу көзделуде. Себебі, әрбір елді-мекендердегі дауларды басу, реттеу сол өңірлерде орналасқан медиаторларға байланысты.
Жиналыс соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу бойынша қабылданатын шаралардың маңыздылығы туралы тағы да сөз қозғап, жиналысты қорытындылады.