Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің Қазақстандық Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының бастамасымен «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы АҚ аумақтық бөлімшесі қызметкерлерінің балалары үшін ынталандыру сыйлықтарын табыстай отырып, әр түрлі қоғамдық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады.
Жазғы демалыстың басында кәсіподақ дәстүр бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің жерім – менің елім» – «Моя земля – моя страна» балалар суреттерінің сайысын ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің Қазақстандық Салалық кәсіптік одағының Қарағанды филиалының төрағасы Яхия Алмусин мұндай байқаулар балалардың шығармашылық және креативті қабілеттерін анықтап, достық пен ынтымақтастықты дамытатынын атап өтті.
Балалардың барлық жұмыстары онлайн режимінде танымал Instagram әлеуметтік желісінің платформасында көрсетілді. Биыл байқауға 90-нан астам бала қатысты. Көркем еңбектерінде олар қарындаштар, бояулар мен гуашьты үлкен шығармашылық шабытпен қолданды. Нәтижесінде суреттер жаздың қуанышты эмоцияларымен жарқын және әдемі болып шықты.
Байқау соңында ерекше көзге түскен балаларды марапаттау рәсімі өтті. Олардың ішінде «Instagram-дағы шығармашылық табыс» номинациясында Даяна Жұмағазы ақшалай сыйлыққа ие болды, сондай-ақ 6 жастан 8 жасқа дейінгі балалар: Константин Мироненко, Жанболат Ақкербез, Виктория Зайлердің сәйкесінше «Мен білетін Қазақстан», «Туған өлкенің табиғаты» және «Менің арманым» атты үш номинация бойынша жұмыстары ынталандырылды.
Сонымен қатар, 9 жастан 12 жасқа дейінгі балалар марапатқа ие болды, атап айтқанда: Арина Кудва, Аяулым Мырзабек, Адина Сайлаубек, Айзада Камкен, Анастасия Стеблина, Яна Мироненко.
Байқаудың барлық қатысушыларына дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.
Шығармашылық байқауды ұйымдастырумен қатар, Салалық кәсіподақтың Қарағанды облыстық филиалы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 16 қызметкерге қайырымдылық көмек көрсетуді жүзеге асырды.