2021 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған “бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы” аясында Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Д.Айтжанова және “Павлодарэнерго” энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Б.Төлеубаев “Каустик” акционерлік қоғамының кәсіподақ активімен кездесті.
Кәсіпорында 2008 жылдан бастап бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді, оған 350 қызметкер кірді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Абдугалимова бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыс бағыттары, кәсіпорында “салауатты жұмыс орындары” жобасын іске асыру, кәсіподақтар сайлаған еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар тарапынан нөлдік жарақаттануға қол жеткізу бойынша қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар, келісу комиссиясы мен өндірістік кеңестің жұмысы туралы айтып берді.
Кездесуге қатысқан кәсіподақ активінің өкілдерін әйелдер үшін зейнетақы жасын төмендету жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізу туралы; зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін зейнетақы жасын төмендету мүмкіндігі туралы мәселелер қызықтырды.
Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Н. Айтжанова Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің әлеуметтік әріптестікті дамыту және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, ҚРКФ Заң клиникасының жұмысы мәселелері жөніндегі қызметінің бағыттары туралы айтып берді.
“Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы аясындағы кездесулер кәсіподақ мүшелерін белсенді қоғамдық қызметке ынталандырады, оның орталығында әрдайым еңбек адамының мүддесі болады», – деп М.С. Абдугалимова сындарлы диалог үшін алғысын білдірді.