Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш ұйымнан басталады

«Астанагорархитектура» ЖШС кәсіподақ комитеті Құрылыс кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Астана» қалалық филиалының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы – Шынар Асқарқызы Тоқтарбаева.

Шынар Тоқтарбаева 2006 жылы Рудный индустриалды институтын бітіргеннен кейін «Астанагорархитектура» ЖШС-де маман ретінде еңбек жолын бастап, мониторинг бөлімінің «Кадастр» секторының меңгерушісіне дейін көтерілді. Ол осы кәсіпорында жұмыс істеген кезде өзін жоғары білікті, шығармашылық және бастамашыл қызметкер ретінде танытты, қызметінің әртүрлі бағыттарын игерді.

2019 жылдың шілде айында есеп беру-сайлау конференциясында ұжым бірауыздан Ш.Тоқтарбаеваны бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы етіп сайлады. Осы кәсіпорында жұмыс істеу кезеңінде ол тек қана жетістіктерге жетіп қана қоймай, сонымен қатар нағыз кәсіподақ жетекшісі болды.

«Бастауыш кәсіподақ ұйымын құру кезінде серіктестік қызметкерлерінің барлығы бірдей кәсіподақтың маңыздылығын терең түсіне білмеді. Қызметкерлер мен жұмыс беруші арасында ұжымдық шарт жасалып, оған қол қойылды. Ұжымдық шарт жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы даулы мәселелерді реттеу құралына айналды. Барлық жұмыс қатынастары ұжымдық және еңбек шартына сәйкес құрылды. Бұл ретте еңбек шартында көрсетілмеген талап етілетін мәселелер ұжымдық шартта ашылды», – дейді кәсіподақ төрағасы Ш. Тоқтарбаева.

Еңбек қатынастарын реттеу және кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау, жұмыс рухын көтеру, тату ұжым құру және кәсіпорында достық ахуал қалыптастыру бағытында ықпалын кеңейтуді кәсіподақ комитеті өзінің алдына мақсат етіп қойды.

Кәсіподақ комитетінің жұмысы қиын және маңызды өмірлік жағдайларда кәсіподақ мүшелерін қолдауда айқын көрінеді, кәсіподақ мүшелері еңбек және материалдық мәселелерді шешуде көмекке жүгінеді.Сонымен қатар, кәсіподақ комитетінің жұмысы еңбек бостандығын қамтамасыз етуге және кемсітушілікті болдырмауға бағытталған.

Бастауыш кәсіподақ өкілдері еңбек дауларын реттеу және тәртіптік жазалар қолдану кезінде жұмысшылардың заңды құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін келісім және тәртіптік комиссияның мүшелері болып табылады.

Кәсіподақ комитеті еңбек рухын көтеру және қызметкерлерді ынталандыру үшін мемлекеттік және кәсіби мерекелерде серіктестіктің еңбек және қоғамдық қызметіне белсенді қатысқаны үшін грамоталармен және ақшалай сыйақымен көтермелейді.

Ұжым қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Кәсіподақ ұйымы серіктестіктің негізгі құрамының жұмысы компьютерде ұзақ уақыт отырып жұмыс істеу екенін ескеріп 2020 жылы бассейнге абоненттермен және шипажайға жолдамалармен қамтамасыз етті.

Еңбекті қорғаудың және жұмыс орнындағы еңбек жағдайларын сақтаудың маңыздылығын жоққа шығаруға болмайды. Кәсіпорынның басты басымдығы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау шарттарын сақтау болып табылады. Серіктестікте еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылған және оның құрамына кәсіподақ мүшелері кірген.

Кәсіподақ комитеті пандемия жағдайында денсаулықты сақтау шараларын қадағалайды және жоспарланған іс-шаралар эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып жүргізіледі.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы өз мүшелерінің біліктіліктерін арттыру және құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында тренингтерге жіберіп отырады.

Жыл сайын және әрбір қабылданған шешіммен бастауыш кәсіподақ ұйымының рөлі мен тиімділігі артып, кәсіподақ мүшелеріне сенімділік ұялады. Кәсіподақ комитеті өзіне жүктелген сенімді ақтауға және “Астанагорархитектура” ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының рөлін жаңа деңгейге көтеруге тырысады.