Әйтеке би ауданында «Ұстаз – мектеп айнасы» атты бейне-байқау өткізілді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған сайыс ұстаз еңбегін таныту, педагог мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Шараны өткізу арқылы, сондай-ақ, аудан көлемінде ұстаздың үздік келбетін көтеру, жастардың мұғалім мамандығына қызығушылығын арттыру көзделді.

Бейнежазбада мұғалім өзінің кәсіби бейнесін, шығармашылығын, жинаған тәжірибесін, талантты шәкірттерін, қоғамдағы орнын, отбасылық құндылықтарын толық көрсете білді.

Байқауға аудан мектептерінен 28 мұғалім қатысты.

Аудандық кәсіподақ ұйымының тарапынан жүлдегерлер мен барлық қатысушыларға «Ақжайық» шипажайына жолдама берілді. Марапат иелеріне қаржылай қолдау көрсетілді.