16 маусымда IT-бизнес өкілі, «КАС Консалтинг» ЖШС директоры Ирина Сулименко «Қостанай облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Ирина Аронова, «Қостанай облысы кәсіпкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Сәуле Иртаева қатысуымен бастауыш кәсіподақ ұйымын құру мәселесі бойынша кездесу өтті.
Ирина Сулименко «КАС Консалтинг» ЖШС 15 жыл жұмыс істейдігін айтты, экономика салаларын цифрландырумен айналысады, мақсаты экономиканы ыңғайлы, технологиялық ету және автоматтандыру. Жұмыстарының үлгісі ретінде «Садчиковское» ЖШС сүт фермасында Smaxtec ішкі бақылау жүйесіне негізделген «Ақылды сүт фермасы» жобасы болып табылады. Бүгінде Ирина жетекші ретінде кәсіподақ құруға мүдделі, өйткені ұйымның тұрақты жұмысы оның әрбір қызметкерінің лайықты өмірін қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.
Кәсіподақтар орталығының төрағасы Ирина Аронова Кәсіподақтар федерациясының қызметі туралы, еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік диалогты дамыту жұмыстары туралы айтты. Ол сонымен бірге Бас келісіммен және оны жүзеге асыру бойынша қабылданған шаралармен таныстырды.
Кәсіподақ мүшелері үшін тегін заңдық және басқа консультациялар, еңбек даулары мен жанжалдардың алдын-алу, еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, басқа нормативтік құқықтық актілермен, Қазақстан Республикасының заңдарымен таныстыру, азаматтарды қабылдау сынды мүмкіндіктер туралы Кәсіподақтар орталығының қоғамдық қабылдау жетекшісі Дүйсемби Қарабаев айтты.
Кәсіпкерлердің жергілікті кәсіподақ ұйымының төрайымы Сәуле Иртаева және АКБ төрағасының орынбасары Исмагамбетов Асет бастауыш кәсіподақ ұйымын құру қадамдары, Жарғының ережелері, жергілікті кәсіподақтың қызметі туралы, мүшелік жарналар және басқа сұрақтар толығырақ жауап берді.
Кәсіподақтың құрылуы бірінші кезекте ұжымның бірігуіне ықпал етеді. Кәсіподақ пен жұмыс беруші – әлеуметтік және өндірістік салаларда туындайтын мәселелерді шешу үшін өзара әрекеттесетін әлеуметтік серіктестер. Кездесу қорытындысы бойынша ЖШС қызметкерлерімен кездесу жоспарланған.