Еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік шиеленістерінің алдын алу жұмыстары барысы талқыланды

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру Кеңесі отырысы өтті. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы Марат Бәйімбетов төрағалығымен өткен кеңес отырысында негізгі мәселе болып еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік шиеленістерінің алдын алу жұмыстары барысы талқыланды.

Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша «Қауіпсіз еңбек» аймақтық бағдарламасын жаңарту және бағдарлама шеңберіндегі атқарылған жұмыстар туралы сөз қозғалып, салалар бойынша кәсіподақ төрағалары ой-пікірлері ортаға салынды. Сонымен қатар, жиын барысында облыс әкімдігі, облыстық жұмыс берушілердің бірлестіктері мен облыстық кәсіподақтар орталығы арасында қол қойылған 2021-2023 жылдарға арналған Облыстық Келісімдегі жұмыс бағыттары нақтыланып, талқыланды.

Облыс кәсіподақтары «Кәсіподақтарға сенімді арттыру жолдары», «Ұйымдардағы әлеуметтік-еңбек ахуалдарына кәсіподақтардың ықпалын нығайту жолдары» Жол картасы жобасына және облыстық үш жақты комиссиясының кезекті отырысы күн тәртібінде қаралатын мәселелер бойынша ұсыныс-пікірілерін пысықтады.