“Қазақстан электролиз зауытында” еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау – қоғамдық бақылауда

“Қазақстан электролиз зауыты” АҚ-да кәсіподақ ұйымы 2010 жылы құрылды және бүгінде оның қатарында зауыт қызметкерлерінің 100% – ы бар, бұл 2321 адамды құрайды.

Еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігін, жұмысшылардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін кәсіподақ комитетінің тұрақты қоғамдық бақылауын жүзеге асыру кәсіподақ комитетінің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Зауытта еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сақталуына қоғамдық бақылауды зауыт бөлімшелерінде сайланған 9 еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор жүзеге асырады.

Барлық техникалық инспекторлар оқыту семинарларынан өтеді, онда көрнекі материалдар, оқу фильмдері, ойындар, мысалдарды талдау, тәжірибе алмасу арқылы олар еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелері бойынша қажетті білім алады.

Кәсіподақ комитеті еңбекті қорғау бөлімімен жеке қорғану құралдарын қабылдау мәселелері, жаңа жеке қорғану құралдарын сынау мәселелері, нұсқаулықтарды әзірлеу және келісу бойынша тұрақты негізде тығыз жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының “Азаматтық қорғау туралы” Заңын орындау үшін кәсіпорында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өндірістік бақылауды жүзеге асыру туралы Ереже қолданысқа енгізілді.

Зауытта еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік жағдайын бақылау 5 деңгейге бөлінген. Кәсіподақ комитетінің төрағасы 4-деңгейдегі өндірістік бақылау комиссиясының (зауыт комиссиясының) құрамына кіреді, оның міндеті қоғамның нормативтік актілер мен ережелерге сәйкестігін тексеру болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.12.2015 жылғы №1057 бұйрығымен бекітілген өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына сәйкес аттестаттауды мамандандырылған ұйымдар 5 жылда кемінде бір рет, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру кезінде жүргізеді.

Қоғамның кәсіподақ комитетінің төрағасы Аттестаттау комиссиясының құрамына кіреді. Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерін алғаннан кейін тиісті кәсіптердің қызметкерлеріне: арнайы тамақ, ақшалай баламада тамақтануға қосымша қаражат, қосымша демалыс, зейнетақы аударымдары бойынша қосымша ақы беріледі.

Қоғамда бекітілген салалық нормалардан басқа арнайы киім мен ЖҚҚ қызметкерлерге неғұрлым қолайлы еңбек жағдайларын жасау мақсатында қосымша ЖҚҚ мен Арнайы киім беріледі: жылы кеудешелер, ылғалдан қорғайтын плащтар, шаңнан қорғайтын комбинезондар, әмбебап көзді жуу жиынтықтары, көзілдірікті көп рет тазалауға арналған станциялар, іш киім (қыс, жаз), спрейлердің, кремдердің әртүрлі түрлері.

Кәсіподақ өкілі ЖҚҚ өндірістік сынақтарын өткізу жөніндегі комиссия құрамына, сондай-ақ кіру бақылауын жүргізуге қатысады. Арнайы киім мен ЖҚҚ сатып алу алдында кәсіпорынға өндірістік сынақтар жүргізу үшін сынақ партиясы келіп түседі, қызметкерлерге сынақ даналары беріледі, оларды сынағаннан кейін әрбір қызметкер тиісті хаттаманы толтырады. Сынақтан өткен ЖҚҚ мен Арнайы киім одан әрі қоғам қызметкерлері үшін жеткізіледі.

Зауыт жұмыскерлерінің өмірі мен денсаулығы – оның ең басты құндылығы!