“Біздің сүйікті дәрігер” байқауы қорытындыланды

Ақ халаттылардың мерейлі мерекесі қарсаңында “Senim” денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Қызылорда облыстық филиалы, Сыр медицина қызметкерлерінің арасында “Біздің сүйікті дәрігер” байқауын өткізді.

Байқаудың нәтижесі бойынша «Үздік денсаулық сақтау менеджері» (1.000.000тг) номинациясының жеңімпазы Медетбай Адилбай Каниевич, «Үздік ауыл дәрігері» (1.000.000тг) номинациясы бойынша Тулепова Гулжанат Койбагаровна, «Үздік аурухана мейіргері» (700.000тг) номинациясы бойынша Томанова Раушан Калыбаевна үздік деп танылды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтарды облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова табыс етіп, еңбекте табысты, абыройлы болуға тілектес екенін білдірді.