Ақтөбе ферроқорытпа зауытының кəсіподақ комитеті зауыт еңбеккерлерінің денсаулығында ақауы бар балаларына иппотерапия əдісімен емделуге мүмкіндік жасады.
Қазірде 36 бала тегін ем алуда.
“Жазғы демалыста балалар ем алып, денсаулықтарын нығайтсын деп жылда ұйымдастырамыз. Əрі осындай көмекке мұқтаж балаларға бар ынша қолдау жасау парызымыз”, – деп атап өтті бастауыш ұйым төрағасы Сапарғали Мұқашаев.