Қызылорда облысының мұнай саласы компанияларында жыл басынан еңбек қатынастарының бірқатар мәселелері көтеріліп келеді.
Еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу және әлеуметтік шиеленіс тәуекелдерін азайту жөніндегі мәселелер кәсіподақтардың тұрақты бақылауында.
Бүгін Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығында саладағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларымен өткен кездесу барысында ұжымдардағы еңбек ахуалы, өзекті мәселелерді шешуде әлеуметтік әріптестермен келіссөздер жүргізу барыстары талқыланды. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы Марат Бәйімбетов еңбек ұжымдарындағы шиеленіс ошақтарында атқарылған жұмыстар барысын әңгімелеп, ҚуатАмлонМұнай компаниясындағы жалақыны көтеру мәселесі мен «ТұзкөлМұнайГазОперейтинг» компаниясының еңбек ұжымындағы ахуал туралы мәселе аумақтық кәсіподақтар бірлестігі бастамасымен облыстық үш жақты комиссияның кезекті отырысында қаралуына ұсыныс енгізілгендігін жеткізді.