Павлодар облысының медицина қызметкерлері “Біздің сүйікті дәрігер-2021” республикалық байқауының жеңімпаздары атанды

18 маусымда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен 2021 жылғы үздік қазақстандық медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Республикалық “Біздің сүйікті дәрігер-2021” байқауында ұсынылған 16 номинацияның үшеуі бойынша Павлодар облысының медицина қызметкерлері – “SENIM “Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалының мүшелері жеңімпаз атанды.

“Амбулаториялық-емханалық қызметтің үздік мейірбикесі” номинациясы бойынша “Павлодар қаласының №4 емханасы” ШЖҚ КМК №1 ОДО аға медбикесі Меликова Ирина Станиславовна жеңімпаз атанды.

“Үздік ауылдық медбике” номинациясы бойынша “Май аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК “Саты” ауылы медициналық пунктінің учаскелік медбикесі Бекқожина Нұргүл Жеңісқызы жеңімпаз атанды.

“Үздік провизор” номинациясы бойынша Формат.KZ ЖШС фармацевті жеңімпаз атанды Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы В. В. Быковец жеңімпаз атанды.

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі медицина қызметкерлерін – “Біздің сүйікті дәрігер-2021” республикалық байқауының жеңімпаздарын республикалық байқаудағы лайықты жеңісімен құттықтайды, амандық пен денсаулық тілейді!