Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметіндегі жетістіктері, жұмыс тәжірибесі және өзекті мәселелері қаралды

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы 2021 жыл – Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылына, 23 маусым – ҚР мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Оңтүстік» өңірге арналған «Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметіндегі жетістіктері, жұмыс тәжірибесі және проблемалық мәселелері» атты онлайн Форумын өткізді.

Форумға «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ҚБ-нің төрағасы Мірболат Жақыпов, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, облыстық, қалалық және аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары мен мүшелері қатысты.

Форум барысында қатысушылар «Қызмет» салалық комитеттің жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы 2021 жыл – Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылына байланысты және 23 маусым – ҚР мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Оңтүстік» өңірдегі «Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметіндегі жетістіктері, жұмыс тәжірибесі және проблемалық мәселелері» туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Күн тәртібінде спикерлер «Ұжымдық шарттың қажеттілігі», «Жеке, ұжымдық Еңбек дауларының себеп-салдары бойынша», сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметіндегі жетістіктері, жұмыс тәжірибесі және проблемалық мәселелер туралы сөз сөйледі.