18 маусымда Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д. Айтжанова, “Казпрофметалл” тау-кен металлургия салалық кәсіптік одағы” ҚБ төрағасының орынбасары Р. Даумова, “Қазхром” ТҰК АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Н. Сухотерин “Еуразия Медициналық орталығы” АҚ медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап қайтты.
“Еуразия Медициналық орталығы”АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты, “Қазхром” ТҰК АҚ жұмыскерлерінің денсаулығына қамқорлық жасау мақсатында медициналық қызмет көрсетеді.
“Барлық уақытта медицина қызметкерлері жарықтың, мейірімділіктің және сауығуға деген үміттің символы болып табылады. Осы мереке күні кәсіподақ бірлестіктері “Еуразия” Медициналық орталығының медицина қызметкерлерін өндіріс қызметкерлерінің денсаулығын қалпына келтіру және оңалту бойынша міндеттерді абыроймен орындап жүргендері үшін алғыс айтады”,- деді Д. Айтжанова.
Шара барысында үздік медицина қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды.