«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының БҚО филиалыоблыстық әкімі аппаратының басшылығымен бірге Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Мемлекеттік қызмет – ұрпақтар сабақтастығы» атты отбасылық шара ұйымдастырды.
Оған «Қызмет» филиал төрағасы Серік Сүлеймен, облыс әкімі аппаратының басшысы Берік Батаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Аманқос Жұбаныш, БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков, мемлекеттік қызметшілер, белсенді жанұялар, жастар мен БАҚ өкілдері, қатысты.
Шара барысында отбасы мен мемлекеттік қызметті қатар алып жүрген үлгілі жанұялар ортаға шығып, өз отбасы туралы баяндап, жетістіктерімен бөлісті. Сондай-ақ қызықты бейне-роликтер қосылып, әр отбасы өздерінің өнерлерін көрсетті.
Салалық кәсіподақтың облыстағы филиталының төрағасы Серік Сүлеймен жиын соңында мемлекеттік қызметтің – жауапты, маңызды сала екендігін тілге тиік етіп, сол қызметті абыроймен алып жүрген жанұяларға өз алғысын білдірді. Шарада белсенділік танытқан қатысушыларға облыс әкімінің Алғыс хаты мен филиал атынан естелік сыйлықтар табысталды.