«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалы облыстағы бірқатар медицина саласы қызметкерлеріне кәсіби мереке қарсаңында марапт үлестірді.
Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы Талғат Майшинге тапсырылса, «SENIM» кәсіподағының төсбелгісімен – «Ұлытау ауданының орталық ауруханасы» КМК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мирзияд Мираманов марапатталды.
Ал «SENIM» кәсіподағының төсбелгісі «Қарағанды қаласының №3 емханасы» КМК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы-Айжан Иманова мен «SENIM» – «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Элеонора Омароваға берілді.
Сонымен қатар, Қарағанды облыстық филиалының Атқарушы комитетінің қаулысымен медициналық ұйымдар қызметкерлеріне номиналы 100 000 теңгелік 27 қайырымдылық сертификаттарын тапсыру туралы шешім қабылданды.
Медицина қызметкерлерін құттықтау шарасы барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында өтті. Оларға орталық аппарат пен «SENIM» Денсаулық сақтау кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының Алғыс хаттары және бағалы сыйлықтар табыс етілді.