Отбасылық ХҚКО-да Медиация туралы оқыту семинары ұйымдастырылды

Апта сайын әр бейсенбі күні Павлодар облысының аумақтық бірлестігінің Татуласу орталығының басшысы Марина Иванова “Павлодар қалалық балалы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы” КММ бастамасымен құрылған отбасылық ХҚКО-ның онлайн-қабылдауына қатысады.

2021 жылғы 17 маусымда Отбасылық ХҚКО алаңында Денсаулық сақтау психологтарына арналған “Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істеу технологиялары. Қиын өмірлік жағдайда қайда жүгіну керек?» мәселесі қаралды. Кәсіподақ спикері-кәсіби медиатор Марина Иванова отбасылық және еңбек дауларын шешу үшін медиацияны қолдану туралы айтып, нақты өтініштер мысалында кәсіби медиатордың тәжірибесімен бөлісті, ол жедел шешуді қажет ететін мәселелерді Павлодар облысының Кәсіподақ орталығының +77088614656 сенім телефонына жиі жүгінуге шақырды.

Семинар бағдарламасы бойынша “Павлодар қалалық балалы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы” КММ басшысы Ләйлә Бостекпаева Отбасылық ХҚКО жұмысы туралы, Павлодар қаласы АХАТ бөлімі басшысының орынбасары Ғалия Букаева РОГС бөлімінің Мемлекеттік қызмет көрсетуі туралы семинарға қатысушылардың назарына жеткізді. Отбасылық Медиация туралы Павлодар қалалық сотының судьялары Жанна Машанова мен Айнұр Тәліпова айтып берді. “Абьюзер. Ол кім? Онымен қалай күресуге болады?”, – деген сауалдың жауабын психолог Светлана Гринченко қарастырды. Павлодар ПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Индира Жүнісова зорлық-зомбылық қаупі төнген жағдайда қорғану әрекеттері туралы айтып берді.

Кез келген дауды (жанжалды) бейбіт жолмен шешудің алдын алу үшін Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі дауды (жанжалды) медиация жолымен реттеудің артықшылықтарын түсіндіру үшін барлық диалог алаңдарының мүмкіндіктерін пайдаланады.