Қоғамдық кеңесте келелі мәселелер қаралды

Қарағанды облысы Қоғамдық Кеңесінің Құқықтық комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда кеңес  қызметін цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар баяндалды.

kazkenes.kz –  қоғамдық кеңестер қызметінің бірыңғай ақпараттық кеңістігі. Ол талдамалық және әдістемелік материалдарды қамтиды. Портал қоғамдық кеңестер мүшелерінің құзыреттерін арттыруға бағытталған.

Комиссия жетекшісі, «Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Болат Жұмабеков цифрландыруды кезең- кезеңімен енгізудің маңыздылығына тоқталды.

«Talap» қолданбалы зерттеулер Орталығының өкілі Ерік Батырханов– кездесу қатысушыларына цифрландыру  бағыттары туралы әңгімелеп берді.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев, «Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығының президенті Гүлнара Құрбанбаева, Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің хатшысы Наталья Вшивцева жасалып жатқан жұмыстар туралы өз ойларын ортаға салды.