Елордада ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен Қазақстандағы Ф. Эберт атындағы қор ұйымдастырған үш күндік семинар аяқталды

Елордада  Кәсіподақтар федерациясы және  Ф.Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің ұйымдастыруымен  “Еңбек дауларын тиімді шешу: диалог және татуластыру рәсімдері” атты үш күндік семинар мәресіне жетті.

Семинарға Павлодар облысынан  осындағы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің маманы Қайырбек Данат және Ақсу ферроқорытпа зауытының бастауыш кәсіподақ ұйымының өкілі, жөндеу-құрылыс цехының бастығы Абраев Айып Әділбекұлы қатысты.

Семинар барысында әлемнің түрлі елдерінің кейстері мысалында еңбек дауларын шешудің тың жолдары көрсетілді.

Қатысушылар семинар соңында арнайы шақырылған сарапшылар яғни  Эдуард Вохмин мен Инесса Куановаға  еңбек дауларын шешудің  заманауи тәсілдері  үшін ризашылықтарын білдірді.