Павлодар облысы бойынша “Казпрофметалл” салалық тау-кен металлургиялық кәсіподағының төрағасының орынбасары Р.Даумова, облыстағы АКБ Татуластыру орталығының басшысы М. Ивановамен бірге “Майқайыңалтын” АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымына барды.
“Майқайыңалтын” АҚ акционерлік қоғамы – құрамында алтыны бар кендерді өндіру және қайта өңдеу бойынша Қазақстанның жетекші кәсіпорындарының бірі, онда Любовь Новикованың төрағалық етуімен бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді.
Кездесу барысында әлеуметтік әріптестік, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қоғамдық бақылау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, қызметкерлер Татуласу орталығының жұмысымен танысты.
“Татуласу орталығы” қашықтықтан штаттық режимде жұмыс істей отырып, 87088614656 (қоңыраулар мен WhastApp) жедел желісі бойынша консультация ұйымдастырды. Осылайша өңірдің кез келген азаматы құқықтық кеңес алуға және online режимдінде татуласу келіссөздерін немесе медиация жүргізе алады.