Алғы сөз алған ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев: «Оқыту семинарлары екі апта бойы өткізіледі. Семинарлардың дәріскерлері ретінде кәсіподақ жұмысында көп жылдық практикалық тәжірибесі бар кәсіподақ ұйымдарының сарапшылары дәріс оқиды. Кәсіподақ мүшелері еңбек қатынастары мәселелері бойынша өз білімдерін кеңейтіп, оны қызмет барысында қолдануына зор мүмкіндік алады» деп қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бүгінгі семинарға Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының және Ақмола және Қарағанды облыстарының кәсіподақ мүшелері қатысты.
Семинарда Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық кәсіподақтар орталығының заңгері Людмила Голенкова «Еңбек даулары мен жанжалдарының алдын алу және шешу. Келісім комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» туралы егжей-тегжейлі баяндап берсе, Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Майра Боранбаева «Кәсіподақтар қызметінің негізгі кағидалары және еңбек қатынастарын реттеу тәжірибесі» жөніндегі дәрісінде Ұжымдық шартқа сілтеме жасалатын ҚР Еңбек кодексінің нормаларына кеңірек тоқталды.
Семинар қорытындысында қатысушылар көкейлерінде жүрген еңбек қатынастарына байланысты сұрақтарын ортаға салып, толыққанды жауаптарын ала алды.