Әрбір ұжымның табысты жұмысы жұмыс берушімен тығыз әлеуметтік серіктестікте жұмыс істейтін кәсіподақ ұйымының жемісті және белсенді қызметінсіз мүмкін емес. Қарағанды техникалық университеті-Қарағанды облысының Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақтары арасындағы кәсіподақ мүшелері ең көп қоғамдық бірлестіктердің бірі (1200-ден астам адам).
Қазақстандық Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының құрамына кіретін оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіподақ комитетінің төрайымы Алпысбаева Назым Аманғазықызы болып табылады. Кәсіподақ ұйымының жанында профессор Обухов Юрий Дмитриевичтің төрағалығымен Ардагерлер кеңесі жұмыс істейді.
Назым Алпысбаева жұмыс барысында өзін жастар саясатын, оқу-тәрбие процесін жүзеге асырудың теориясы мен практикасын жетік меңгерген білікті маман ретінде көрсете білді. Оқытушы-профессорлар құрамы, қызметкерлер мен студенттер арасында лайықты беделге ие.
Кәсіподақ комитеті және университет ректоры Марат Ибатов тұлғасында әкімшілік ЖОО-ның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, жалақыны арттыру, материалдық-техникалық базаны нығайту, заңнамамен регламенттелмеген төлемдер мен өтемақыларды ұсыну, кадрлық әлеуеттің сапалық деңгейін арттыру, қызметкерлердің еңбегін қорғау мен денсаулығын жақсарту бойынша ұстанымдар, өзара міндеттемелер көзделген ұжымдық шартты өзектендіру және түзету бойынша бірлескен жұмысты жоғары деңгейде жүргізеді.
Назым Аманғазықызы және кәсіподақ комитетінің барлық мүшелері ЖОО-ның еңбек ұжымын тек кәсіподақ қызметімен ғана емес, сонымен қатар пайдалы демалыспен біріктіру үшін барлығын жасайды. Мәдени-бұқаралық, спорттық-сауықтыру іс–шараларын ұйымдастырады, әлеуметтік-құқықтық жұмыс жүргізеді.
Жыл сайын кәсіподақ комитеті «Үздік факультет», «Үздік кафедра», «Үздік құрылымдық бөлімше», «Үздік педагог», «Үздік жас ғалым», «Үздік куратор», «Үздік студент», «Жатақханадағы үздік бөлме». атағына сайыстар өткізуге қатысады.
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, қарттар күніне орай университет ардагерлеріне құрмет көрсету іс-шаралары дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Облыс театрларының шығармашылық ұжымдарын, симфониялық және эстрадалық оркестрлерді шақыру ұйымдастырылады.
Университет оқытушылары мен қызметкерлерінің балалары да назардан тыс қалмайды, оларға жаңа жылдық сыйлықтар, жаңа жылдық ертеңгіліктерге және Балаларды қорғау күніне арналған театрландырылған қойылымдарға билеттер табысталып отырады.
Оқытушыларды, қызметкерлерді және студенттерді тегін емдеуді қамтамасыз ету үшін 2005 жылдан бастап университеттің емдеу пункті жұмыс істейді, ол процедуралық кабинетімен, изолятормен, заманауи медициналық жабдықтар кешенімен физиотерапия кабинетімен жабдықталған. Терапевтер, невропатологтар, лор – дәрігерлері медициналық көмек көрсетеді. Денсаулық сақтау пунктінің қызметкерлері СӨС насихаттау бойынша, әсіресе карантиндік іс-шаралар кезеңінде үлкен санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді.
Кәсіподақ комитетінің жұмысында оқытушылар мен қызметкерлердің жазғы демалысын ұйымдастыру ерекше орын алады. 50 жылдан астам уақыт бойы университет жүйесінде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының көркем табиғатында орналасқан «Политехник» спорттық – сауықтыру лагері жұмыс істейді, оның базасында жыл сайын оқытушылар мен қызметкерлер отбасыларымен демалады, студенттік активтің шығу мектептері өткізіледі. Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бастамасымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерлері ұйымдастырылуда.
Кәсіподақ және еңбек қызметіне қосқан жеке үлесі үшін Назым Аманғазықызы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен; III дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының А.Байтұрсынов атындағы қола медальмен марапатталды. Назым Алпысбаеваның еңбегі ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Алғыс хатымен, Қарағанды облысының Әкімі, облыс әкімінің орынбасары, Қарағанды қаласының Әкімі, Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының төрағасы, ҚарМТУ ректоры, Қарағанды облысының Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының, Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығының Құрмет грамотасымен атап өтілді. Кәсіподақ көшбасшысы – 2018 жылы Қарағанды облысы әкімінің «Қайнар» сыйлығының лауреаты атанды.