Өңірдегі кәсіподақ ұйымдары басшыларының және бастауыш кәсіподақ ұйымдары басшыларының қатысуымен өткен үйлестіру кеңесінің отырысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығының, әрі үйлестіру кеңесінің төрағасы Бағлан Қарашолақов кеңес мүшелеріне ҚР Кәсіподақтар федерациясының отырысында қаралған және ондағы іске асырылып жатқан негізгі мәселелерді жеткізді.
Өз кезегінде, облысы кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Б. Қараулов облыстағы кәсіподақ ұйымдарының жыл басынан бері атқарылған жұмыстарының қорытындысын баяндап өтті
Кеңес мүшелерінің отырысында аймақтағы еңбек қатынастары меселелері атап айтқанда, кәсіподақ ұйымы бар кәсіпорындар мен мекемелерде әлеуметтік шиеленіс пен еңбек жанжалдарының алдын-алу және жалақы қарызын болдырмау мақсатында тұрақты бақылауда болуы мен жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру мәселесі қаралды.
Сондай-ақ ҚР Кәсіподақтар Федерациясы қолға алып отырған «Жұмысшылардың кәсіподақтарға сенімін арттыру жолдары» және «Ұйымдардағы әлеуметтік-еңбек қатынастарының жай-күйіне кәсіподақтардың ықпалын нығайту» Жол карталарына ұсыныстар әзірлеу мәселесі де талқыға салынды.
Отырыс барысында облыстағы салалық кәсіподақ ұйымдарының аудандық, облыстық, республикалық баспасөз ақпарат құралдарында, әлуеметтік желілерде кәсіподақ ұйымдарының жұмыстары бойынша ақпарат жариялау мәселесі тапсылырды.
Жиын соңында, отырыс мүшелерімен қаралған мәселелер бойынша тиісті хаттамалық шешім қабылданды.