Бүгін «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы М.Жақыпов, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қызмет» салалық кәсіподағы филиалының төрағасы А.Нұрланов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Қаржы басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті, Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару Ұлттық орталығы мемлекеттік мекемелерінің қызметшілерін кәсіби мерекемен құттықтап, Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапаттады.
Мерекелік кездесу барысында салалық кәсіподақ жетекшілері кәсіподақтардың қызметі туралы, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында өткізілген кездесулер туралы әңгімелеп берді. Мемлекеттік қызметшілер кәсіподақ басшыларымен бірге ауқымды мәселелерді талқылап, өздерінің ұсыныс-тілектерін жеткізді.