2021 жылғы 22 маусым күні «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласы әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымында Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтарын қорғауға байланысты сұрақтарына тұщымды жауаптар беріп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі ретінде атқарып жатқан жұмыстарына, мемлекеттік қызметтің тарихына және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақысына сыйақы беру жүйесіне өткізіліп, ал бонустық жүйе бойынша еңбек ақы төлеу саяси қызметкерлерге қолданатыны туралы кеңінен тоқталды.
Жалпы алғанда осы мемлекеттік қызметке қойылатын талаптардың жетілдірілуімен қатар, мемлекеттік қызметшілердің де деңгейі өсіп отырғанын айтып, мемлекеттік қызметкерлерді «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен құттықтап, қала әкімі аппаратының белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар тапсырды.
Атап айтқанда: филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласы әкімі аппараты мемлекеттік құпияны қорғау бөлімінің бас инспекторы Гүлжахан Тасшабайқызы Насурлаева, «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бота Әкімбайқызы Тлеубаева, Шымкент қаласы әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің басшысы Алмас Пернебекұлы Ижимов, филиалдың «Алғыс хатымен» Шымкент қаласы әкімі аппараты инфрақұрылым және құрылыс саласы мониторингі бөлімінің бас маманы Әкімжан Анарбайұлы Әбдәкімов, Шымкент қаласы әкімі аппараты қоғамдық-саяси, әлеуметтік сала мониторингі бөлімінің жетекші маманы Нургүл Қуанышқызы Әлжанова марапатталды.
Жиын соңында қала әкімі аппарат басшысының орынбасары Ілияс Қаланов қатысушыларды құттықтап, салалық кәсіподақ атына алғысын айтты.