Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кеңес өтті

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысовтың төрағалығымен тау-кен металлургия саласы кәсіпорындарында: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Шұбаркөл Көмір» АҚ қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кеңес өтті.

Жиналыста қатысушылар Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Ирина Любарскаяны және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Байкен Жұмабаевты еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мәселесі бойынша баяндамаларын тыңдады.

Жүргізілген талдау жоғарыда аталған кәсіпорындарда жазатайым оқиғалардың негізгі келесі себептерін көрсетті:
– жұмыс беруші тарапынан жеткіліксіз бақылауда болған жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру;
– өндірістегі жазатайым оқиғалардың ең көп саны 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жұмыскерлермен (42%) орын алады. Бұл қауіп факторлары жұмыс беруші тарапынан тиісті бақылаудың болмауы (тәлімгерлік жүйенің болмауы) және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде нұсқау берудің болмауы кезінде тән болуы мүмкін;
– жазатайым оқиғалардың 57%-ы 55 жастан асқан жұмысшылармен кездеседі, олар өздерінің ұзақ мерзімді кәсіби тәжірибелеріне сүйенеді және тағы басқалар.

Ермек Алпысов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ алдында өндірістегі технологиялық процестерді жаңғырту, білікті жұмысшы кадрлармен жасақталу, логистика мәселесін шешу проблемалары туралы мәселені көтерді, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың әрбір жағдайынан кейін нұсқамалар өткізу қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ, «Арселормаиттал Теміртау» АҚ және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өкілдерінің назарын кадрларды іріктеу және оқыту бойынша өңірлік жұмыспен қамту орталықтарымен ынтымақтастық қажеттілігіне аударды.

Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Болат Жұмабеков кәсіподақ ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы, өндірістік кеңестердің жұмысы, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы ұжымдық шарттардың әрекеттері туралы айтып берді, сондай-ақ тау-кен металлургия кәсіпорындарының кәсіподақтары мен әкімшіліктеріне авариялық жағдайларды анықтау мен алдын алудың нақты фактілері үшін ұжымдық шарттарға қоғамдық техникалық еңбек инспекторларын материалдық көтермелеудің қосымша шараларын енгізуді ұсынды, бұл біздің қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығына және өміріне тікелей әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар кеңес барысында еңбекті қорғау саласындағы кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстармен: «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев, бас техникалық инспекторы Андрей Лукин, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Шұбаркөл Көмір» АҚ жұмыс берушілері мен жұмыскерлерінің өкілдері сөз сөйледі.