atyrautv.kz: “Еңбек дауы көп”

Еңбек дауы көп

Атырауға іс-сапармен келген ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жергілікті әріптестерімен кездесті. Күн тәртібінде кәсіподақ мүшелерінің жалақысы, еңбек шиеленістері сынды бірнеше мәселе талқыланды. Жалпы жыл басынан бері республика бойынша 40-қа жуық еңбек дауы анықталған. Басты проблема – мардымсыз еңбек ақы. Осы олқылықтарды реттеу мақсатында заңда көрсетілген нормаларға сәйкес келіссөздер жүргізілмек. Сондай-ақ, бұрынғыдай бармақ басты көз қыстылық түбегейлі жойылады деп сендірді Төраға.

https://atyrautv.kz/kz/news/society/enbek-dauy-kop