Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ бірлестігінің төрайымы Кеңескүл Рахымжанова, орынбасары Дархан Джузбаев және өкілеттік төрағалары Нұрлан Акишев, Шаяхмет Үмбетов, Назигүл Игликова, Фаниль Гизатулин, Сейтмұхамбет Несіпбеков, т.б. Мемлекеттік қызметші күніне орай Бұхар Жырау, Осакаров, Қарқаралы, Жаңаарқа, Ақтоғай, Ұлытау, Нұра аудандарына барып, аудан басшыларымен кездесті.
Кездесулер барысында барлық санитарлық талаптарды ескере отырып, ерең еңбектерімен көзге түскен мемлекеттік мекемеде қызмет жасап жатқан кәсіподақ мүшелерін марапаттады.
Қызметкерлер Ауыл шаруашылық кәсіподағының II-III дәрежелі “Еңбек даңқы” төсбелгісімен, Алғыс хаттармен және Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және мемелекеттік мекемелер қызыметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Алғыс хатымен марапатталды.
Кәсіподақ өкілдері үшжақты әлеуметтік әріптестік аясында ары қарай бірлесіп жұмыс жасайтындарын жеткізді.