23 маусым күні Қостанай облысында «Үздік мемлекеттік қызметші» байқауының қорытындысы шықты.
Байқауға қатысушылардың барлық жұмыстары комиссияда қаралды, комиссия құрамына «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының төрағасы Әсет Досекенов, басқа қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік қызмет ардагерлері кірді.
Салалық кәсіподаққа кіретін бастауыш кәсіподақ ұйым мүшелері облыстық байқауда жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, «Қостанай облысының үздік мемлекеттік қызметшісі» болып «Целинное ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы Азатхчан Шокпанов танылды, ал екінші орынды «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік көмек секторының бас маманы Жанна Тасмағамбетова иеленді.
Үшінші орынға «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» ММ кадрлар бөлімінің бас маманы Бағлан Арқабаев ие болды.
Мемлекеттік қызметші күніне арналған «Қостанай облысының үздік мемлекеттік қызметшісі» аймақтық байқауы мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға, үздік кәсіби білім мен дағдыға ие Қостанай облысының мемлекеттік қызметшілерін анықтауға және ынталандыруға бағытталған.