Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Д.Айтжанова Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп, Өңірлік даму жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес алаңында ағымдағы жылы ұлттық халық санағын ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелерін талқылауға қатысты.
2021 жылғы ұлттық халық санағы халықтың нақты саны туралы аса маңызды талдамалық деректер алуға мүмкіндік береді: халықтың сапалық құрамын (жыныс-жас құрамы, білім деңгейі, денсаулық деңгейі, еңбек құрамы, өмір сүру жағдайлары) және экономикалық-әлеуметтік болжау құралын (демографиялық даму, көші-қон және эмиграциялық ағындар, гендерлік теңдік, әлеуметтік объектілермен қамтамасыз етілу, тұрғын үймен қамтамасыз етілу) айқындау.
Халық санағын өткізу жөніндегі жұмыс органдары республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары басқаратын арнайы комиссия, өңірлік деңгейде – облыстардың, астананың және Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері басқаратын облыстық және қалалық комиссиялар, аудандық деңгейде – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері басқаратын аудандық, қалалық комиссиялар болып айқындалады.
Санаққа Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (12 айдан астам); дипломатиялық жұмысқа байланысты елден тыс жерлерде жүрген және “Болашақ” бағдарламасы бойынша оқитын ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелері; ҚР азаматтары, басқа елде тұрақты тұратын, бірақ есепке алу кезінде Қазақстан Республикасында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жатады.
2021 жылғы ұлттық халық санағының жаңа құралдары: 2021 жылғы 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін sanag.gov.kz сайтында басталатын онлайн-санақ болады; 2021 жылғы 1-30 қазан аралығында планшеттерді пайдалана отырып, жаппай аралау; 2021 жылғы 31 қазаннан 7 қарашаға дейін ішінара бақылау айналысы (10%).
2021 жылғы ұлттық халық санағын өткізу 32, 3 мың интервьюерді 94 мың теңге мөлшерінде орташа жалақы алумен жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл ретте әрбір интервьюерге 833 адамнан сұрау қажет болады.
Өңірлік даму жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері жұмыспен қамтудың қазіргі заманғы нысандарын ескере отырып, сауалнама парақтарын жасау мәселелеріне назар аударуды, ақпараттың таралып кету мүмкіндігін болдырмай, деректердің қорғалуын қамтамасыз етуді, интервьюерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және олардың жүктемесін талдауды, халық арасында ақпараттық жұмысты күшейтуді ұсынды.