Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жанындағы «Зерек» балаларды дамыту орталығының жазғы оқу-сауықтыру демалысы аяқталды.
Он күнге созылған демалысқа университеттің бастауыш кәсіподақ ұйымы қаржылай қолдау көрсетіп, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің балаларына 50 пайыз жеңілдік ұсынған болатын.
Сонымен қатар, демалушы балалардың барлығына кәсіподақ ұйымы сыйлықтар тарту етіп, бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі.