“Қазхром” ТҰК” АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты ірі өндірушілер мен жеткізушілердің бірі болып табылады. 6 410 қызметкер зауытта ферроқорытпа өндірісін қамтамасыз етеді. Олардың барлығы – кәсіподақ мүшелері.
“Қазхром” ТҰК” АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері үшін 2009 жылдан бастап бесінші үй пайдалануға берілді.
Кезекті бес қабатты тұрғын үйдегі пәтер кілттерін 42 металлург тікелей жұмыс орындарында алды. Ауысымдағы көптеген қызметкерлер үшін бас директор В.Чихичин мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Сухотериннің қолынан көптен күткен пәтердің кілтін алу қуанышты және толқытатын оқиға болды.
Үй ERG-дің тұрғын үй бағдарламасы бойынша тұрғызылған және бұрын Еуразиялық Топ пен Павлодар облысы әкімдігі арасындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық туралы меморандум бойынша салынған төрт үйдің, спорт алаңдарының және спорт сарайының жанында қаланың ең перспективалы аудандарының бірінде орналасқан.
Жоғары білікті мамандар мен тапшы кәсіптердің өкілдері, жас өндірісшілер жаңа қоныстанушыларға айналды.
“Біздің кәсіпорын үшін ең құнды нәрсе – бұл адамдар, сондықтан қызметкерлеріміздің лайықты жағдайда өмір сүруі өте маңызды. Тұрғын үй, әсіресе жастар үшін, ең өзекті мәселелердің бірі. Еуразиялық топтың басшылығы мұны жақсы түсінеді, сондықтан компанияда ауқымды тұрғын үй бағдарламасы іске асырылуда”, – деді директор В.Чихичин.
“Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы ” “Қазхром” ТҰК” АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты жұмысшыларын жаңа қоныстойымен құттықтайды және оларға денсаулық, табысты жұмыс және отбасылық бақыт тілейді.