ҚР Мəдениет, спорт жəне ақпарат саласы қызметкерлерінің Салалық кəсіподағы Ақтөбе филиалының төрағасы бір топ журналистерді құттықтады.
Олардың ішінде «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» телеарнасының тілшілері бар. Оларға жемісті еңбегі жəне кəсіподақ жұмысын насихаттауға қосқан үлестері үшін ҚР Мəдениет, спорт жəне ақпарат саласы қызметкерлерінің Салалық кəсіподағының төрағасы Светлана Иманқұлованың атынан алғыс хаттар табыс етілді.