2021 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен Қазақстан Республикасының тәжірибелі кәсіподақ қызметкерлерінің қатысуымен филиалдардың, барлық салалардың жергілікті кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ активтері үшін онлайн режимде оқыту семинарлары өтуде.
2021 жылғы 25 маусымда Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарындағы кәсіподақ активтері мен жергілікті кәсіподақ ұйымдарының өкілдері үшін ҚР Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары Л.Есжанованың, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Татуласу орталығының басшысы М.Иванованың және “СҚО Кәсіподақ орталығы” АКБ заң мәселелері жөніндегі бас маманы Л.Голенкованың қатысуымен семинар өткізілді.
Павлодар облысы АКБ Татуласу орталығының басшысы М.Иванова оқыту семинарына қатысушыларға сот шешімі заңды күшіне енген еңбек даулары бойынша қаралған азаматтық істердің мысалдарында жасалған төрт кейстік міндеттерді ұсынды, онда мысал ретінде келтірілгендердің нысанасы еңбек шартын тоқтату және жұмысқа қайта алу туралы бұйрықтардың күшін жою туралы; амалсыз бос жүрген уақытқа ақы төлеу туралы; еңбекке ақы төлеу; жұмыс берушінің 100% кінәсі анықталған кезде өндірістегі жазатайым оқиға себебінен моральдық зиянды өтеу туралы және т. б. жағдайлар қаралды.
Спикер Л.Голенкова өз сөзінде ұйымдарда келісім комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, еңбек даулары мен жанжалдардың алдын алу және шешу, комиссияның сандық құрамы, дауды қарау мерзімдері және т. б. туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Спикер Л.Есжанова өз сөзінде жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында еңбек шартын жасасу кезінде ҚР еңбек заңнамасының нормаларын қолдану, өндірістік қажеттілік жағдайында, денсаулық жағдайы бойынша жұмыскерді басқа жұмысқа уақытша ауыстыру, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу негіздері, жалақыдан ұстап қалу және т. б. мәселелері бойынша сөз сөйледі.
Семинарға Павлодар филиалының өкілдері, сондай-ақ 12 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.