Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы, салалық және жергілікті кәсіподақтар филиалдарының өкілдері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, барлығы 100 адам 21 маусым мен 2 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған онлайн-білім беру семинарларына қатысты.
Курс қатысушылары кәсіподақ қызметінің және әлеуметтік әріптестіктің ең өзекті мәселелерін қарастыруда.
Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының және оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, тәжірибелі кәсіподақ қызметкерлері сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев білім беру онлайн-марафонының қатысушыларын құттықтап, күн сайын белгіленген кестеге сәйкес кәсіподақ активі ел ауқымында келесі өзекті бағыттар бойынша білім алып, тәжірибе алмасатынын атап өтті.
Атап айтқанда, “Келіссөздер жүргізу және еңбек жанжалдарын шешудің стратегиясы мен дағдылары туралы” «YNTYMAQ» шағын және орта бизнес қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағының төрағасы Қайрақбай Жаңабеков спикер болды. Ал “Теориядан практикаға. Заңды күшіне енген Еңбек даулары бойынша сот органдарының шешімдері мысалында кейстік жағдайларды қарау” тақырыбындағы семинарды Павлодар облысының Кәсіподақтар орталығы жанындағы Татуласу орталығының басшысы Марина Иванова өткізді. Ал “Еңбек даулары мен жанжалдарының алдын алу және шешу. Келісім комиссиясының жұмысын ұйымдастыру” тақырыбында Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығының заң мәселелері жөніндегі бас маманы Людмила Голенкова сөз сөйледі.
Онлайн білім беру курсына қатысушылар еңбек дауларының алдын алу және кәсіподақ қызметін дамыту үшін бұл семинарларда берілген оқыту ақпаратының маңызын атап өтті.
Оқу кезеңінде Қарағанды облысы кәсіподақтарының 200-ден астам өкілдері өздерінің өзекті сұрақтарына жауап алды, ұйымдастырылған Республикалық интерактивті онлайн-білім беру алаңында пікір алмасты және Еңбек адамының мүдделерін қорғай отырып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысында жаңа тәсілдердің қолданылуына сенім білдірді.