Кәсіподақтар федерациясы Маңғыстау облысы кәсіподақтарының өкілдері үшін оқыту семинарын өткізді

Бүгін Маңғыстау облысының кәсіподақтар үйінде салалық кәсіподақтардың аймақтық филиалдарының кәсіподақ белсенділері үшін оқыту семинары өтті.

Семинар тренерлері, ҚР Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары Ләззат Есжанова мен «YNTYMAQ» шағын және орта бизнес қызметкерлері салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары Төлеген Шаимов семинар қатысушыларына Кәсіподақтар федерациясы еңбек қорғау жүйесін және жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Семинарға қатысушыларға кәсіподақтардың құқықтық қызметінің негіздеріне, еңбек дауларының алдын алуға және шешуге, келісім комиссияларының жұмысын ұйымдастыруға және еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесінің мысалдарына байланысты тақырыптар ұсынылды.

Сондай-ақ, қатысушыларға кәсіподақтардың қатысуы кәсіподақ мүшелеріне жұмыс берушілермен даулар кезінде өз позицияларын қорғауға мүмкіндік берген нақты оқиғаларға негізделген еңбек даулары туралы істер ұсынылды.

«Кәсіподақ белсенділері жұмыс берушілермен тең дәрежеде келіссөздер жүргізе алуы керек. Жұмыс берушімен келісімге келу үшін сізге еңбек және кәсіподақ заңнамасын терең білу қажет», – деді Ләззат Есжанова.

Семинар барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қоя алды, негізінен олар келісу комиссияларын құрудың ұйымдастырушылық сәттеріне, жұмыстың қашықтағы формасына байланысты мәселелерге, әйелдер, зейнетке дейінгі жастағы еңбекшілердің еңбегін реттеу, кәсіподақ органдарының жұмысын ұйымдастыруға қатысты болды.

Маңғыстау облысында мұнай-газ саласының және YNTYMAQ салалық кәсіподағының кәсіподақ белсенділері үшін оқыту семинарлары жоспарланған.

Жыл басынан бері Кәсіподақтар федерациясы мүше ұйымдармен 160-тан астам оқыту семинарларын өткізді, оған 7000-ға жуық бастауыш кәсіподақ төрағалары, техникалық инспекторлар және кәсіподақ белсенділері қатысты. Қазіргі уақытта бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдеріне арналған еңбек дауларының алдын алу бойынша бірқатар республикалық семинарлар өткізілуде.

 

Ләззат Есжанова,

 ҚР Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары