Кәсіподақ өкілдері еңбек ұжымымен кездесті

«Қалың қалай, бастауыш кәсіподақ ұйымы?» республикалық акциясы аясында Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Д.Айтжанова және “Павлодарэнерго” энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Б.Төлеубаев 2021 жылғы 30 маусымда көшпелі диалог алаңында “УПНК-ПВ” ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен кездесті.

Кальциленген мұнай коксын өндіретін зауыттағы бастауыш кәсіподақ ұйымы 2020 жылдың тамызында құрылды.

Зауыт бөлімшелерінің өкілдерімен кездесуде “Павлодарэнерго” энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Б.Төлеубаевтың “УПНК-ПВ” ЖШС әр ауысымының жұмыскерлерімен кәсіподақ қатарларын ұлғайту және кәсіподақ мүшелігін ынталандыру бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмысын өткізді.

“Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы бұқаралық қоғамдық ұйым болып табылады және ерікті негізде 23 салалық кәсіподақты, 17 аумақтық кәсіподақтар бірлестігін, оның қатарында 2 млн. кәсіподақ мүшелерін және 17 мыңнан астам бастауыш кәсіподақ ұйымдарын біріктіреді. Адам құқықтарын құрметтеу, қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жұмыспен қамту мүмкіндіктерін жақсарту, экономикалық тұрақтылықты арттыру – бұл Кәсіподақтар федерациясы барлық жұмысшылар үшін қамтамасыз етуге тырысатын әлеуметтік әділеттіліктің негізгі элементтері болып табылады. Кәсіподақ қызметінің негізгі мақсаты – өз мүшелерінің еңбек, кәсіби, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін ұсыну, қамтамасыз ету және қорғау”, – деп атап өтті Д.Айтжанова.

Диалог алаңында қатысушылар бастауыш кәсіподақ ұйымына мүшелікті арттыру, ұжымдық шартты әзірлеу және қабылдау, жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісім комиссиясының және зауыттың өндірістік кеңесі құрамындағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысын құру бойынша бірлескен жұмыстың бағыттарын талқылады.

“Кәсіподақтар және олардың әлеуметтік рөлі” тақырыбында диалог алаңын өткізу кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік және еңбек тұрақтылығын нығайту, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қоғамдық бақылауды жүзеге асыру бойынша қызметі туралы айтуға, қызықтыратын сұрақтарға жауап беруге және кәсіподақ қызметінің таяу келешектегі бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді», – деп бөлісті Б.Төлеубаев.