4 мыңнан аса адам жұмыс істейтін Ақтөбе ферроқорытпа зауытында қызметкерлердің 40,6% немесе 1676 адам алғашқы компенентті алса, екінші компонентті 27,4% немесе 1132 адам қабылдады.
Ал Дөң кен-байыту комбинатында алғашқы компонентті 10,1% немесе 720 адам салдырды, екіншісін – 5,8% немесе 414 адам алды. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының бірінші балқыту цехында рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Мұнда қызметкердің 77% вакцина алған.
Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы жақсы көрсеткіш өз нәтижесін беріп жатыр. Мұнда коронавирус жұқтырғандар саны төмендеді.