2021 жылғы 1 шілдеде Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова және “Білім және ғылым қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы” ҚБ төрайымы Г.Науразбаеваның қатысуымен құзыретті комиссия шешімінің қорытындысы бойынша Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқау қорытындысы бойынша қалалық және аудандық филиалдардың құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында Д.Дүйсенова төрағалық ететін Павлодар қаласының №16 мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымы бас жүлдені жеңіп алды.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымының құрылымына кіретін әрбір кәсіподақ ұйымы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
“Әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымы үлкен жұмыс атқарды. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесі жариялаған бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы жаңа жобалар мен технологияларды іске қосты, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін жандандырды және ынтасын арттырды”, – деп атап өтті Г.Науразбаева.
Білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымының Жастар кеңесі көшбасшыларының тәлімгері Гүлбарам Науразбаева жылы лебізін білдіріп, облыстық ұйымда жас кәсіподақ кадрларымен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
“Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Гүлбарам Науразбаеваға бастауыш кәсіподақ ұйымы жылына арналған бастамашы іс-шаралар мен жобалар сериясы үшін алғыс білдірді. Қоғамдық қызметтің жетістігі – бұл облыстық білім беру қызметкерлерінің командалық жұмысының және олардың жобалық кәсіподақ менеджментінің үздік тәжірибелерін кеңінен қолдануының нәтижесі”, – деп атап өтті Д.Айтжанова.