Өз ісінің майталманы

«Қостанай облысының тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындары жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің құрамына кіретін «Затобольск жылу-энергетикалық компаниясы» КМК бастауыш кәсіподақ ұйымы – халықты ауыз сумен және жылумен қамтамасыз ететін аймақ үшін маңызды кәсіпорын. Бұл кәсіпорында өз салаларының мамандары жұмыс істейді, күнделікті олар қазандықтар, сорғы станциялары, жылу және сумен жабдықтау желілерінің тұрақты жұмыс істеуін қадағалайды.

Бірлігі жарасқан ұжым және тұрақтылық – бұл кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің әлеуметтік-экономикалық дамуының бірыңғай векторының басты көрсеткіші. Жылу энергетикалық компаниясында жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлер де бар, солардың бірі – Виктор Федурин.

1980 жылы жиырма екі жасар Виктор Федурин Қостанай коммуналдық шаруашылық комбинатына үшінші қатарлы жүргізуші болып келді. Жұмыс істеген 40 жылдан асқан уақытта кәсіпорын атауын бірнеше рет өзгертті.  Дағдарысқа қарамастан, компания өзінің негізгі жұмысын үздіксіз орындады.

Осы қырық жыл ішінде Виктор Федурин сан алуан қызмет атқарды, атап айтқанда, слесарь, жүргізуші-слесарь, сантехник, слесарь-жөндеуші болды. Осы уақыт ішінде ол кәсіподақтың белсенді мүшесі болып қала берді. Кәсіпорынға келген жас мамандар Виктордың қарамағында жұмыс жасады, ол жастармен өз тәжірибесімен бөлісіп, тәжірибелі мамандар қатарын толықтырды.

Виктор жыл сайын жылу маусымын дайындауға, су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысады. “Затобольск” жылу энергетикалық компаниясы өрт сөндіруге қатысып, Виктор өзінің әріптестерімен бірге алдыңғы қатарда болды.

Ұжым Викторға тек оң мінездеме беруде: «Оған “мен жасай алмаймын, қаламаймын, білмеймін” деген сөздер жат. Ол “бізден басқа, кімнің қолынан келер” дейді. Әрқашан әрекет істеудің жолын іздеп, бас тартқан кездер болған емес. Ол өте сезімтал, өз әріптестеріне көмектесуге әрқашан дайын. Өзінің қызметтік міндеттерін өте ұқыпты орындайды».

Өзінің адал жұмысы үшін Виктор Федурин бірнеше рет құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Барлығының ішінде ерекше тарихи құндысы – республикалық кәсіподақ комитеті төрағасы мен Қазақ КСР-нің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрінің құрмет грамотасы.

Виктор өз ісінің маманы болуымен қатар, ол өте жақсы отбасылық адам. Әйелі Татьянамен қырық жыл бірге, екі баланың ата-анасы, бүгінде бес немересін тәрбиелеп жатыр.