“Еңбеккер бейнесінде” – домбыраның құлағында ойнайтын Самал Жақыпова

2021 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жарлығымен Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Мереке қарсаңында Павлодар облысы Баянауыл ауданы С.Торайғыров атындағы мәдениет үйінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы  Самал Жақыпова туралы айтпақпыз. Самал Жақыпова 2001 жылдан бастап Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжін бітіргеннен кейін халық арасында үлкен танымалдылыққа ие дәстүрлі халық әндерін кеңінен насихаттауды бастайды.

Оның сүйікті музыкалық аспабы – домбыра. 2003 жылдың 1 қаңтарынан Баянауыл ауданының С.Торайғыров атындағы аудандық мәдениет үйінде мәдени ұйымдастырушы болып қызмет атқарады. Домбырада талантты ән орындағаны үшін С.Жақыпова әртүрлі конкурстардың жүлдегері атанды. 2003 жылы ол М. Шамсутдинова атындағы “Майра-Қызыл тілім сайра” облыстық дәстүрлі әншілер байқауында І орын, 2004 жылы Ж.Елебекова атындағы ІІ республикалық дәстүрлі әншілер байқауында ІІІ орын алды, 2005 жылы Астана қаласында “Мәдениетті ауыл” I республикалық фестивалі аясында ұйымдастырылған “Ауылым әнім” I республикалық фестивалінің лауреаты атанды. 2008 жылы Павлодар облысының 75 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада 2 орын алып, Ертіс өңірінің талантты ақын-композиторлары, халқымыздың ән өнерінің жұлдыздары Жаяу Мұса Байжанұлы, Естай Беркімбаев, Майра Уәлиқызының әндеріне арналған “Ертіс әуендері” І республикалық дәстүрлі әншілер фестивалінің лауреаты атанды. 2009 жылы академик Қ.Сәтпаевтың 110 жылдығына орай “Қазақтың 500 әні мен күйі” жинағына енген композитор А.Затаевичтің 25 өлеңі мен сүйікті әндерінен тұратын аудандық ән байқауына қонақ ретінде қатысып, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Лекеровтың алғыс хатымен марапатталды, 2010 жылы  Павлодар қаласында өткен белгілі әнші, халық композиторы Жаяу Мұса Байжанұлының 175 жылдық мерейтойына арналған аймақтық дәстүрлі әншілер байқауының лауреаты болды.

Оның марапаттарының арасында облыс әкімі мен аудан әкімінің алғыс хаттары, Талдықорған қаласында М.Егінбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған “Сайгүлік” І республикалық әншілер байқауына қатысқаны үшін алғыс хаттар бар. 2019 жылы Самал Кадетқызы Қ.Сәтпаевтың 120 жылдығына арналған “Сүйіп айтқан әндер” облыстық дәстүрлі әншілер байқауының Гран-При иегері және лауреаты атанды. 2020 жылы Талдықорған қаласында өткен республикалық өнер байқауына және “Майра жолымен” республикалық дәстүрлі әншілер байқауына қатысқаны үшін облыстық мәдениет департаментінің “Құрмет грамотасымен” марапатталды.

Біздің кейіпкеріміздің шығармашылығы “Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ Павлодар облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде қоғамдық қызметпен ұштастырылады. 2020 жылы қоғамдық кәсіподақ қызметіндегі жетістіктері үшін Самал Кадетқызы “Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Иманқұлованың Құрмет грамотасымен марапатталды.

2020 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай С.Нұрмағамбетов атындағы арнайы қордың төрағасы Н.Нәлібаев Самал Кадетқызын Кейкі батырдың құрметіне естелік медальмен марапаттаса, сол жылы Самал Кадетқызы «Абай салған дара жол» халықаралық өнер байқауында Бас жүлдеге ие болды.

Бүгінде Баянауыл ауданы С.Торайғыров атындағы мәдениет үйінің Жастармен жұмыс жөніндегі әдіскер және мәдени-демалыс орталығының дәстүрлі әншісі болып жұмыс істейді.