Медиация – қоғамдық келісімді нығайтуға арналған бірегей құрал

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі 2018 жылдан бастап татуласу орталығында Павлодар облысының тұрғындарына кәсіби медиатордың қатысуымен сотқа дейін және сотсыз еңбек дауларын реттеу бойынша өтеусіз қызметтер көрсетеді.

Алғашқы заңгерлік кеңес беру орталығы жұмысының үш жылында 3263 өтініш білдірушіге құқықтық көмек көрсетілді, сотқа жүгінбей, медиация туралы 710 келісім жасалды, олардың көпшілігі өтініш берген күні орындалды.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуласу орталығында медиатордың қатысуымен еңбек дауларын татуластыру рәсімі арқылы шешу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында: “Звезда Прииртышья” газетінің 2021 жылғы 29 маусымдағы “Социальная и трудовая стабильность” газетінде, “SARYARQA samaly” газетінің 2021 жылғы 29 маусымдағы “Медиацияның көптеген артықшылықтары бар” деген мақалалар жарияланды.