Ақтөбеде “Денсаулық жарысы” спорттық шарасы өтті

Бұл шараға спорт саласындағы бастауыш кəсіподақ мүшелері атсалысты.

Шара Триатлон паркінің велотрегі бар аймағында ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамытуға арналған спорттық шараға ҚР Мəдениет, спорт жəне ақпарат саласы қызметкерлерінің Салалық кəсіподағының Ақтөбе филиалына мүше спортшылар үлес қосты. Сонымен қатар, Елорда күніне орай триатлон саябағында велошабандоздар жəне жүгірушілерге арналған жол пайдалануға берілді.