Ақ халатты абзал жан

Гүлнара Мұқанова – жоғары санатты, жоғары білікті маман, шебер ұйымдастырушы, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас кардиологы. Ол жас мамандарды даярлау және тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыстар жүргізеді, облыстың емдеу ұйымдарына практикалық және консультациялық көмек көрсетеді.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасында жұмыс істеген 17 жыл ішінде ол диагностикадан басқа, жүрек-қан тамырлары аурулары кезінде қан айналымының жіті бұзылыстарының алдын алу мен емдеуден тұратын шұғыл іс-шараларды өткізуде баға жетпес еңбек сіңірді. Оның белсенді қатысуымен жедел коронарлық синдромға (ОКС) алғашқы көмек көрсету бойынша іс-шаралар әзірленді, ОКС-мен ауыратын науқастың қозғалыс бағыты жасалды. Ең шалғай аудандардан келген емделушілерде қажетті кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек алу мүмкіндігі пайда болды.

Гүлнар Қалелқызы халықтың денсаулығын қорғауға сіңірген еңбегі үшін аурухана әкімшілігінің, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің наградаларымен, “Денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгісімен марапатталды.