2021 жылғы 1 сәуірден бастап Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан ҚРКФ Заң клиникасының филиалы ашылды, оның қызметінің негізгі мақсаты кәсіподақ мүшелеріне еңбек заңнамасы мәселелері бойынша тегін заңгерлік-консультациялық қызметтер көрсету болып табылады.
ҚРКФ Заң клиникасы филиалының алаңында Павлодар Инновациялық Еуразия университеті (ИНЭУ) Заң факультетінің 4 курс студенттері Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы Заң клиникасы филиалының басшысы, сот жүйесінің ардагері М.Ивановамен кездесті.
Студенттер ҚРКФ Заң клиникасының филиалы туралы Ережемен, келісім комиссияларының еңбек дауларын қарау тәртібімен, еңбек заңнамасының өзекті мәселелерімен,”Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2021 жылғы 1 шілдедегі №61-VII ҚР Заңымен танысты.
Адвокаттармен, заңгерлермен, медиаторлармен, жергілікті және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшыларымен, Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен қатар жоғары оқу орындарының заң мамандығы бойынша оқитын соңғы курс студенттері волонтер ретінде ҚРКФ Заң клиникасының филиалына шақырылды.
Заң клиникасында студенттердің волонтерлік қызметін тәжірибелі тәлімгер (жаттықтырушы) басқарады, бұл студенттерге кәсіподақ мүшелеріне тегін заң қызметтерін ұсынуға ғана емес, сонымен қатар Заң клиникасының әлеуметтік, құқықтық, ақпараттық, білім беру және зерттеу қызметіне де көмектеседі.
2021 жылы ИНЭУ Заң факультетінің екі студенті Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде өндірістік практикадан өтті.
ҚРКФ Заң клиникасының филиалында өткен оқыту кездесуінде студенттерді еңбек даулары бойынша татуластыру рәсімдері мәселелері, ұжымдық еңбек дауы туындаған жағдайда келіссөздер процесін құру тетігі, кәсіподақ бірлестіктерінің еңбек саласында құқық қорғау қызметін көрсетуі қызықтырды.
Кездесу форматы кәсіподақ мүшелеріне заңгерлік кеңес қызметтерін сапалы көрсетуге бағытталған іс-әрекеттер алгоритмін құру бойынша ҚРКФ Заң клиникасы филиалының студенттері мен қызметкерлерінің өзара іс-қимылының алғашқы сатысы болды.
Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі басшылығының атынан әрбір студентке соңғы өзгерістер мен толықтырулармен бірге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі ұсынылды.
“Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі кәсіподақ мүшелеріне еңбек мәселелері бойынша консультативтік қызмет көрсетудің әртүрлі нысандарын пайдаланады. Студенттерді ҚРКФ Заң клиникасы филиалының жұмысына шақыру оларға нақты практикалық мәселелерді шешуде еңбек құқығы саласында алған теориялық білімдерін пайдалануға мүмкіндік береді және соның нәтижесінде заң мамандығы бойынша өзіндік жұмысқа дайындық деңгейін арттырады”, – деп атап өтті М.Иванова.