Ағымдағы жылдың 9 шілде күні Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық үшжақты комиссиясының төрағасы Аманжол Алпысбаевтың жетекшілігімен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы онлайн режимде өтті.
Аталмыш отырысқа комиссияның тұрақты мүшесі, Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде Батыс Қазақстан облысында қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша “Қауіпсіз еңбек” бағдарламасын бекіту мәселесі және “Болашақ-Т” ЖШС және “Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы” АҚ өндірістік жарақаттануды азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.