ҚРКФ төрағасының орынбасары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Тілешевпен кездесті

Қызылорда облысындағы іс-сапары бастауында ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Сұлтан Қалиев Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешевпен кездесті.

Кездесу барысында аймақтағы мұнай-газ саласындағы қазіргі экономикалық негізгі көрсеткіштер туралы және саладағы еңбек ұжымдарындағы еңбек қатынастары мәселелерін шешу туралы пікір алмасты.

Федерация төрағасының орынбасары Сұлтан Қалиевтың облыстағы жұмыс сапары мұнай-газ саласындағы бірқатар бастауыш кәсіподақ ұйымдарында кездесулермен жалғасатын болады.