Қызылордалық кәсіподақ белсенділері жалпы медиация курсын оқуда

Қызылордалық кәсіподақ белсенділері «Жалпы медиация курсы» оқу курстарына қатысуда.

Оқу курстары қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Қызылорда қаласында медиация қызметін дамыту» әлеуметтік қызметі аясында «Бітім» медиация орталығымен ұйымдастырылуда. Бес күндік оқу курсында білімін арттырушы кәсіподақ белсенділері еңбек дауларын шешу барысында медиация технологияларын қолдану арқылы дауларды сотқа дейін реттеуге машықтанбақшы.

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «Бітім» медиация орталығы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде оқу курстарына 60 кәсіподақ белсенділері тартылады деп жоспарлануда. Оқудың алғашқы күнінде аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев кәсіподақ белсенділерінің оқу барыстарына сәттілік тіледі.