Павлодар облысындағы Үйлестіру кеңесінің отырысы ҚРКФ төрағасының қатысуымен өтті

Павлодар облысы аумағындағы салалық және жергілікті кәсіподақтардың мүдделерін қорғайтын Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Үйлестіру  кеңесінің кезекті отырысын өткізді.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен алғаш рет кездесуге төраға Сатыбалды Дәулеталин қатысты.

Үйлестіру кеңесі алдымен Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар қауымдастығының төрағасы Динара Айтжанованың 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы есебін тыңдады. Павлодар облысында 17 салалық кәсіподақ бірлестігі, 1229 бастауыш ұйымы бар, олардағы кәсіподақ мүшелерінің саны 135 мыңнан астам адамды құрайды, Яғни облыстың әрбір үшінші тұрғыны кәсіподақтың мүшесі. Кәсіподақтардың аумақтық бірлестігі жұмыс берушілермен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды күшейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді, облыстық үшжақты комиссияның отырысы мен күн тәртібін қалыптастыруға қатысады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 6332-і ұжымдық шарттармен қамтылған яғни 96,9%-ы. Кәсіподақтар құрылған кәсіпорындарда 840 өндірістік кеңестің құрамындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қоғамдық бақылауды 1223 еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспекторлар жүзеге асырады. Жыл сайын бірлестік бастамасымен өндірістік жарақаттанудың алдын алудың бірыңғай күні өткізіледі. Татуласу орталығында 600-ден астам адам 49 медиациялық келісім жасасу арқылы құқықтық көмек алды. Еңбеккер әйелдер комиссиясы жұмысшы әйелдерді әлеуметтік-экономикалық қорғауға үлкен көңіл бөледі. Ал кәсіподақ мүшелерінің 38% -ы  жастардан тұрады.

Үйлестіру кеңесі «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ әлеуметтік әріптестік мәселесін қарады. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы С. Галеева ұжымдық шартты қабылдау тәжірибесімен бөлісті. Шарт шеңберінде кәсіпорын қызметкерлеріне сауықтыру жәрдемақысы  ресми жалақы мөлшерінде беріледі, бала туылған жағдайда материалдық қолдау көрсетіледі. Бала күтімі бойынша демалыста отырғандарға бала 1-ден 3 жасқа толған кезде ай сайын 70 АЕК мөлшерінде жәрдемақы, көп балалы аналарға және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған жұмысшыларға 5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақы төленеді. Үйлестіру кеңесінің шешімімен бұл озық тәжірибе ретінде таратылды.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Т. Чигвинцева өндірістік кеңестің құрамында станцияда еңбекті қорғау жөніндегі 17 техникалық инспектор жүргізетін қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға қоғамдық бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Бірлестіктегі Татуласу орталығының бастығы М. Иванованың баяндамасы әлеуметтік-еңбек тұрақтылығын қамтамасыз ету, келісім комиссиясының мүшелерін оқыту, еңбек заңнамасын зерделеу және Татуласу орталығы мен ҚРКФ Заң клиникасының жұмысына арналды.

Федерация төрағасының орынбасары Н.Өтешев ҚРКФ-ның «Ем ал, демал, білім ал!» атты жаңа жобасын таныстырды. Жоба кеңес мүшелерінің толық қолдауына ие болды.

Кеңес отырысын қорытындылаған  федерация төрағасы Сатыбалды Дәулеталин ҚРКФ қолға алып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Ең алдымен ол  XXVI съезде айқындалған міндеттерді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

«Әділеттілік пен дамуға – бірлікте – бұл біздің барлық қызметіміздің негізі», – деп атап өтті төраға.

Басым міндеттердің қатарында ол ең алдымен бастауыш кәсіподақ ұйымдары рөлінің артқандығын атап өтті.

«Съезде 2021 жыл бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы деп жариялануы кездейсоқ емес. Бастауыш ұйым – бұл кәсіподақ қозғалысының ең маңызды буыны, мұнда әлеуметтік-еңбек қатынастарының барлық мәселелері жинақталады.Бастауыш кәсіподақ ұйымдарына деген сенімнің қаншалықты күшейетіні жалпы кәсіподақтардың болашақ перспективаларына байланысты. Біз шамамен 370 кездесу өткіздік.  Бұл жұмысты жалғастырамыз. Өңірлерге барлық сапарлар бастауыш кәсіподақ ұйымдарын аралаудан басталады. Кездесулерде көтерілген барлық мәселелер талданды және жүйелі түрде өз шешімін табуда », – деді Сатыбалды Дәулеталин.

ҚРКФ төрағасы кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне атап айтқанда, әлеуметтік шиеленісті күнделікті бақылау, кәсіподақ ұйымдарының құрамын көбейту және кәсіподақ мүшелігін арттыру, бірлікті нығайту, еңбек заңнамасын зерделеу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, ұжымдық шарттарға жалақыны инфляция деңгейінде жыл сайынғы индексациялау пункттерін енгізу, әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның жұмысын жандандыруға ерекше назар аударды.

Кездесу соңында Д. Айтжанова үйлестіру кеңесінің барлық мүшелері атынан  ҚР Кәсіподақтар федерациясына және  оның төрағасы Сатыбалды Дәулеталинге федерация Стратегиясын іске асыруға қолдау мен көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді.